Мұрағат

Archive for the ‘Жиған-терген’ Category

Адам организмі

Адам қартайған сайын ішкі органдарының салмағы кеми түседі екен. Мәселен, 30 жастағы еркектің миының салмағы орта есеппен 1389 грамм болса, 70 жастағы қарттың миы 1266 грамм тартады екен. Read more…

Өз атымен аталған

1833 жылы 21 қазанда атақты швед өнертапқышы Альфред Бернхард Нобель дүниеге келді. Әлемге әйгілі сыйлықты (1901 жылдан) тағайындаушы. Динамитті, баллиститті ойлап тапқан. Read more…

Біле жүрейік

01/04/2010 1 comment

Жер атмосферасындағы бүкіл ауаның жалпы салмағы 5 миллиард тоннадай екен.
Ашық космоста ешқандай дыбыс болмайды, сондықтан ғарышкерлер рация арқылы сөйлеседі. Read more…

Құпиясы ашылмаған таңғажайыптар

Жер бетінде құпиясы ашылмаған таңғажайыптар көп қой, солардың бірсыпрасын жаза кетейін, кейін жалғасын жаза жатармын. Сену-сенбеу адамның өзіне байланысты ғой. Read more…

Сирек айтылатын атаулар

Кейбір сирек айтылатын атауларды да біле жүрейік. Кейде газеттерден оқып қаласың: “бір кісі ұрғашы қасқыр соғып алыпты” деген сөйлемдерді, ал ұрғашы қасқырды қазақ “құртқа” деп атағанын көбіміз біле бермейтін шығармыз. Осындай сирек айтылатын атауларды білсеңіздер, жаза отырайық. Read more…

Categories: Жиған-терген Ілмектер:

Шнобель сыйлығы немесе Антинобель сыйлығы

Шнобель сыйлығы немесе Антинобель сыйлығы – әйгілі Нобель сыйлығына пародия. Бұл сыйлықтар – күлкі келтіретін жаңалықтарға немесе орындалуы мүмкін емес, өмірге қажетсіз саналатын жетістік-зерттеулерге беріледі. Read more…

Бала атаулары

05/12/2009 1 comment

Қазақта бала деген бір-ақ ұғымды білдіретін сәби, нәресте, бөбек деген сияқты сөздер өте көп. Бір ұғымға осыншама мағына беру қазаққа не үшін қажет болды? Біздің ойымызша, бұлардың ешқайсысы да бекер пайда болған жоқ. Бір кездері бұл сөздер адамның, баланың жасын білдірген. Уақыт өте келе халықтың жаппай сауаты ашылып, санау пайда болған кезден бастап бұл сөздер бастапқы мағынасын жоғалтып, бір ұғымның мағынасын жоғалтып, бір ұғымның баламасындай боп кеткен сияқты. Read more…

Адам ағзасы

20/11/2009 1 comment

Адамның он екі мүшесі
Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. Read more…

Алма туралы

Би-Би-Си телекомпаниясы Адам ата мен Хауа ана өмір сүрген пейіш бағы жер бетінде болғаны туралы деректі фильм түсіріпті. Олардың ойларынша, пейіш бағы Иран мен Түркия елдерінің шекарасына жақын Урмия көліне жақын жерде болған. Деректерді Библиядан алып, сценарий сюжеттерін осыған сәйкестендіріпті.
Десе де, кейбір ғалымдар Адам мен Хауаның өмір сүрген мекенінің Иранда емес, Қазақстанда Алатау бөктерінде болғанын айтады. Read more…

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.