Негізгі бет > Руханият > Күлімсіреу күнімен!

Күлімсіреу күнімен!

Бүгінгі жұма күні ерекше күн екен. Себебін айтсам, қазан айының бірінші жұмасы — Бүкіләлемдік Күлімсіреу күні, орысша – всемирный день улыбки. Күлімсіреу күнін әлем халқы 11 жыл бойы атап өтуде. Бұл мерекенің бастамасшысы американдық суретші Харви Белл болып табылады. Ол 1963 жылы бір компанияның тапсырысы бойынша 10 минут ішінде сары түсті күлімсіреген бейнені ойлап тауып, суретін салды. Күлімсіреген бейне барлық құрылықтағы халықтың сүйіктісіне айналды. Тәннің де, жанның да саулығын нығайтатын – күлкі. Күлімсіреу күні – адамдарға мына әлемді кішкене болса да мейірімді және көңілді өткізуге мүмкіндік беретін, позитивті және пайдалы мереке. Бар жақсылық осы күлімсіреуден басталады!
Бүгінгі жұма күнігі мереке – бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жігіттерге де, Бельгияға қарсы ойнайтын футболшыларымызға да сәттілік әкелсін деймін!

Суреттер интернеттен алынған.

  1. 12/10/2011, 11:20 | #1

    Күлімсіреу деген жақсы ғой. Бірақ кейде көз жасы – айтылмаған бақыттың, ал күлімсіреу – үнсіз қайғының белгісі болуы мүмкін.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.