Менің сүйікті спортшым
Әлемнің ең сыйлы адамдарын анықтауда Reputation Institute компаниясы өткізген зертеуде швейцариялық теннисші Роджер Федерер әлемнің екінші адамы ретінде танылыпты. Зертеуге әлемнің 25 елі ішінде 50 мың адам қатысқан екен. Бұл зертеу нәтижесінде бірінші орынды расизмге қарсы күрескер, ОАР-ның бұрынғы президенті Нельсон Мандела алыпты.
Әлемге әйгілі 54 адам іріктеліп, солардың ішінде таңдаулылары алынған, бұлардың ішінде әйгілі саясаткерлер, бизнесмендер, өнер қайраткерлері, спортшылар болған.
Р.Федерер – теннистен Үлкен Шлем жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы, ойын өрнегімен талайды тамсандырған, менің сүйікті спортшыларымның бірі. Корттағы ойындарының өзінен бір бекзаттылық сезіліп тұратын, шебер теннисші. Оның бұл байқауға таңдалуы – көптеген елдер халықтарына көмек қолын созып, қайырымдылық жасап және мүгедек спортшыларға өз атынан көмек фондын ашып, жүргізіп келе жатырғаны себеп болған. Биылғы жылы өз фонды арқылы тосын табиғат апаттарынан зардап шеккен елдерге көмектесіп, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Малави, Танзания, Зимбабве, Швейцария елдерінде білім беру және спорт кешендерін тұрғызуға көмектескен. Бұл тізімде: миллиардер Билл Гейтс (3 орын), Apple-дың басшысы Стив Джобс (6 орын), Facebook-ты құрған Марк Цукерберг (20 орын) те бар.
Сондай-ақ, алғашқы ондықтың тізімін бере кетейін:
1 Нельсон Мандела
2 Роджер Федерер
3 Билл Гейтс
4 Уоррен Баффет
5 Ричард Брэнсон
6 Стив Джобс
7 Опра Уинфри
8 Боно
9 Ратан Тата
10 Елизавета II
Роджер Федерер мен атақты боксшымыз Серік Сәпиевтің фотосы

Біздің спортшыларымызды да дүние жүзі танып, олармен суретке түсіп өз блогтары мен сайттарына қойып отырса ғой