Әскери парад
Биылғы 30-тамыз Конституция күніне орай, әскери парад өткізілмекші екен. Өткізілейін деп отырған парад алдыңғы жылдары да болған. Баяғыда кеңес заманында осындай парадтар жиі болып, халықты қойша көшеге алып шығушы еді. Ол кезде кеңестік басшылар империалистерге қыр көрсетіп, бізде осындай техникалар бар дегендей мақтанушы еді. Ол заман өтті ғой, енді мынау не парад?! Бізде әскери техника жасалып жатыр ма, не әскеріміз орасан көп пе? Әлде, қазақ тойшыл халық, тойлап жүре бергені дұрыс дей ме екен. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне мән бермай, әйтеуір той-думандар мен парад-концерт-шоуларға дәндеп алдық.
Соңғы пікірлер