Пионерлік ұйымдар
19-мамыр – советтік замандағы пионерлер күні! Ол кезде бүкіл пионерлер жиналып, пионерлік алау жағып, ұлы той болушы еді. Жарқын болашаққа деген үлкен ой жататын, балалар алға ұмтылатын, аға буынға еліктеуге тырысатын. Ол кез – менің балалық шағымның ең ыстық шақтарымныің бірі еді. Қарап отырсам, қазір осының бәрі – бос әурешілік, қазіргі балаларға ертегі сияқты. Соның бәрі кешегі күннің тәрбиесі болса да, оның ішінен жақсы жақтарын алып отыру қажет деп ойлаймын. Кім қалай ойласын, менің, тіпті, советтік балалардың бала кезінен азамат болып қалыптасуына зор ықпал еткен мерекелердің бірі еді. Ал, қазір өзіміздің идеологиямызға ыңғайластырылған қандай ма бір мектеп мерекесі бар ма?! Ол кезде октябрят, пионер, комсомол ұйымдары қандай қоғамдық жұмыс жүргізуші еді, бәрі де бір кісідей атсалушы еді ғой. Қазіргі мектепке қарап отырып олай деп айта алмайсың. Сондай мектеп ұйымдары болуы керек пе өзі, әлде, жаһандану кезінде олардың бәрі алдамшы ұйымдар ма?
Пионер атанып, қызыл галстук таққан сәтте толқығаным әлі есімде. Әңгіме мойынға қызыл орамалды байлауда емес, әңгіме ортақ иделогияның мықтылығында. Қазір де осындай бір дәстүр орнаса дұрыс болар еді.