ҰБТ телефонсыз өте ме?
Биылғы болатын ҰБТ-ға өзгерістер енбек екен, атап айтқанда, тестлеу орталықтарына қатысты. Бұл туралы Алматы қалалық білім беру жүйесінің жаңа технологиялар орталығының директоры Темірхан Тасболатов “Вечерний Алматы” газетіне сұқбат бергенде айтыпты. Оның айтуынша, былтырғы жылы ҰБТ сұрақтары жеңіл болған, соның арқасында көп оқушылар 125 балл алған, енді сұрақтар қайта қаралады. ҰБТ өткізу барысында кейбір жерлерде ұялы телефон қолданғандарды жоққа шығармапты. Осы былтыр ҰБТ өткеннен кейін, телефон қолданғандар туралы бір ауыз сөз айтылмап еді, “бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ” деп мізбақпаған еді министрліктегілер, биыл енді тест сұрақтарын қиындатып, телефон ұстағандарды бірден қуып, қатаң бақылауға алатын болыпты. Барлық жерлерде телефон “глушителдерін” (қазақшасын білмегенім үшін кешірім сұраймын) қоданатын болыпты. Металл іздейтін құрал бұрыннан болатын. ҰБТ тапсыру орталықтары еліміздің 154 жерінде бар екен, осы жерлердің бәріне бірдей “глушитель” қоя ма, әлде, сол кезде ұялы телефон байланысын өшіріп тастай ма (мүмкін емес сияқты), бұл жағын ашық айтпапты. Бастысы, жоғарыдағылардың бұрын өткен ҰБТ-ларда былық-шылықтар болып жататындығын мойындап, қателіктерді қолға алуы дер едім. Ал, тестінің басқа процедураларына келсек, көп өзгерістер жоқ, бір қуаныштысы 2010-2011-оқу жылына 35 425 грант бөлінгені, бұл былтырға қарағанда – 585 грантқа көп екен.
өтпейд 0)
2003-тен бері оқуға тапсырумен келемін. (Мед.академия арманым еді). Бас-аяғы 6 рет тапсырыппын оқуға. Министрлік анау-мынау дей береді. Емтиханда ол айтқандары орындала бермейді. Былтыр өздері рұқсат берді телефон пайдалануға. Тек тексеріс келе жатқанда ғана “тыға тұрыңдар” деді. ҰБТ-ыңда да, кешенді тестте де сондай.
Сорлы министр Әйтімова “негізін қалаған” ҰБТ-ның биылғысы да былық-шылықтан ада болатынына өз басым күмәндімін. Телефонсыз өтуі мүмкін(!), алайда ПАРАСЫЗ өтпейді! Баласы мектеп бітіруші сыныпқа көшкеннен бастап “қимылдайтындарды” қайда қоямыз. Былай ғой: бір универден мықты таныс табады, сосын онымен жақсылап сөйлеседі. Сөйлеседі дегеніміз жұмсақтау болар, “жоспар” құрады. Ол жоспардың басты мақсаты – тест орталығынан “көк қағазды” сүйетін біреуді табу. Ары қарай мәселе біртіндеп шешіле береді. Бірнеше жылдан бері орта білім саласындамын, сондықтан бұларды аспаннан алып отырған жоқпын, көзім көріп, құлағым естіп жүрген дүниелер. Баладан “Қайда оқуға барасың?” деп сұрасаңыз, иығын қиқаң еткізіп: “Білмеймін” дейді. Өзіңіз түсіне беріңіз.
Бұл ҰБТ дегеніңіз жемқорлықтың нағыз ордасы болды ғой өзі. Министрлер келеді, кетеді. Өзгеріп жатқан дәнеңе жоқ. Керісінше кері кетіп жатыр.
Колледждерге (тек өзіне тапсырып, кешенді тест арқылы қабылдайтындарды) оқуға түсетіндер желтоқсаннан бастап “қамданады”. Сосын ұзынқұлақтың айтуынша ҰБТ-ның бағасы 2 мың бакс екен.
менинше телефонсыз отеди егерде 2015-2016 жылдар болса)))))))))))) енди негизи мен битиргенше АКЫРЗАМАН болады енди бирак мен оз біліміммен отемин деген ойдамын))))))))))))))
ең сонғі ент тапсрғанда кадімгі нұсқалі кітапша болдіма? мысалы біздің орындап жүрген 31ХХ ,осы 100 нұсқа ішінен алама ,алде басқа ең соңғы ЕНТ ға арналған нұсқа кітапшасын шығарама ?