Негізгі бет > Руханият > Бізге Таяу Шығыс па, Оңтүстік пе?

Бізге Таяу Шығыс па, Оңтүстік пе?

Осы біз ТД-радиодан болсын, газет-журнал беттерінен болсын, Таяу Шығыс, Орта Шығыс деп жатамыз. Таяу Шығыстың орысша Ближний Восток екенін білеміз, бірақ неге біз осылай айтамыз деп ойланып көрдік пе? Географиялық жағдайы бойынша Таяу Шығыс – Азияның оңтүстік-батысында орналасқан үлкен бір аймақ. Бұл терминді алғаш еуропалықтар шығарған деседі, себебі, оларға бұл елдер шынымен де Таяу Шығыс елдері, Ресейге де солай болып келеді. Ал, бізге картадан қарасақ, бұл елдер Таяу Шығыс та емес, Шығыс та емес. Орта Шығыс елдері де солай. Географиялық тұрғыдан, бұл елдердің бәрі біз үшін Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік елдері болып келеді. Біздің журналистер жазғанда осы мәселені ойланып көрсе дейсің.

Таяу Шығыс елдері:

Араб әмірлігі
Әзірбайжан
Армения
Бахрейн
Грузия
Египет
Израиль
Иордания
Ирак
Иранның батысы
Йемен
Катар
Кувейт
Ливан
Оман
Палестина
Сирия
Сауд Аравиясы
Түркия.

Орта Шығыс елдері:
Ауғанстан
Иранның шығысы
Пәкістан.

  1. 09/04/2011, 12:55 | #1

    бұл атаулар американдықтардың ойлап тапқаны, яғни оларға ол мемлекеттер расымен таяу шығыс, ал біздікілер ол жағын ойламайды, көшіре салған болу керек. Алайда,менімше, таяу шығыс деген тек қана мемлекеттер жиынтығы ғана емес, термин ретінде қалыптасып қойған. Саясаттануда, мәселен елдің географиялық орналасуы ғана емес, сонымен қатар енген, қалыптасып үлгерген сөз тіркесі деуге де болатын секілді. Осы сұрақты қойғанымда, осындай бір жауап алғам)))

    • 09/04/2011, 13:04 | #2

      Мен бұл атауды еуропалықтар ойлап тапқан дегенді оқығам. Мүмкін, қалыптасқан сөз тіркесі болу да, бірақ нақты орналасу жағын да ойлау керек сияқты.

  2. Құлсары
    15/04/2011, 23:42 | #3

    Біз бұл жерде орыстардың айтқанын қайталап жүрміз:
    ағылшындар айтады – Middle East деп немесе Средний Восток/Орта Шығыс ал оны орыстар айтады – Ближний Восток деп ал біздер оны Таяу Шығыс деп кеткенбіз

  3. Сопы
    29/04/2011, 13:49 | #4

    Керемет!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.