Азия футболына оралғанда не ұтамыз?
Кеше өткен мәжіліс сағатында Қазақстан футбол федерациясын УЕФА қатарынан шығарып, Азия қауымдастығына қайтадан қосу керек деген пікір айтыпты, туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов. Толық нұсқасы мына жерде.
Қазақстан 2002-жылы сәуір айында УЕФА қатарына кірген болатын, бұл қадамымыз өте дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Азиядан гөрі Еуропадан үйренеріміз көп, барлық жағынан алғанда да. Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы турнирлері әлем футболындағы ең ірі жарыстар болып саналады. Жыл сайын қатысып, тәжірбие жинақтап келеміз.
Біздің футбол басшыларының жайбасарлығынан, сегіз жылдай бір орнымызда тұрып қалғандаймыз. Құрама командамыз экспериментке айналып кетті, құраманы да ортанқол бапкерлер жаттықтырды, клубтық дейгейлер де солай болды, өз бапкерлерімізді көтермедік. Футбол инфраструктурасы дамымады, жалғыз “Астана арена” салып, бырталай шуладық. Тіпті, өзіміздің футболшыларды шет елдерге шыгаратын агенттер де жоқ, Ресейдің агенттері жұмыс жасайды. Біздің командаларымыздың нарықтық бағалары да толған құпия. Енді Азия қауымдастығына қайта барғанда не ұтатынымыз белгісіз.
Айтпақшы, осы УЕФА-ға Р.Алиевтің кезінде кіргеніміз белгілі, былықтардың бәрін бір адамға жауып, “сүттен ақ” болу керек болып тұр ма екен?! Әлде, саяси бір ұпай жинағысы келді ме екен, министр мырза?
Біз әлі УЕФА деңгейіне жету үшін қыруар жұмыс атқаруымыз керек сияқты. Ең бірінші жасөспірім футболынан бастап.
Үйренеріміз көп шығар бәлкім. Осы сегіз жылда үйренгенімізбен Азияның да маңдай алдысы бола алмаймыз бірақ. Қазір аяқдоп Азияда да мықты дамыды деуге келеді.