Негізгі бет > Жиған-терген > Адам ағзасы

Адам ағзасы

Адамның он екі мүшесі
Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. Қариялардың жадында болар, халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», – деп айтылатыны. Мұндағы 12 ұл адамның он екі мүшесі, 62 қыз – адамның алпыс екі тамыры (алпыс екі мүшеге тараған тамыр), ал ағаш – адамның өзі.
Төрт мүше (екі аяқ, екі қол), жеті мүше тәрізді он екі мүше адамның дене бітіміне бай- ланысты айтылған. Біз бала кезімізде талай естігенбіз, алыс сапардан оралған адамдармен ауыл ақсақалдарының «Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?», – деп амандасып, жөн сұрасқандарын.
Осы қариялардың кезінде он екі мүшенің не екенін санамалап айтып кеткен бір нұсқасы бойынша адамның он екі мүшесі мыналар: Бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асық жілік (екеу), қары жілік (екеу). Әрине, он екі мүшені басқаша талдап, түсіндіретіндердің болуы мүмкін. Қазақ – дана халық қой. Жеті қазынаның өзін әртүрлі құлпыртып айтатындай, он екі мүшені де солай түрлендіріп, бейнелей алатынына таласымыз жоқ. Көнекөз, шежіре кеуделердің барлық болжам, талдауы қисынды.
Он екі мүшенің жоғарғы, төменгі деңгейі
Көне заманғы халық емшілері адамның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі денгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындайды. Осынау ғылы-ми тұжырымдама бойынша адамның он екі мүшесінің, яғни қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш – қуаты мынандай:

1. Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады.
2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.
3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.
4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады.
5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.
6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады.
7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.
8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.
9. Түні сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.
10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш – қуаты өте молаяды.
11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.
12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады.
Он екі мүшенің күш – қуаты (энергиясы) шарықтау шегіне жеткенінде сол мүшенің ауруы да асқынады, адам қатты қиналады.
Көрдіңіз бе, он екі мүшенің қабынуы, қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байланысты.
Он екі мүше, он екі сағат, бұл да бір табиғаттың жұмбақ сыры.
Ал енді адамның өз ағзасын аялап, түрлі әсерлерден, сырқаттардан қорғап, денесін күте білуі оған мықты денсаулық, бақытты өмір сыйлайды, ажарын арайландырып, түр – тұлғасын сымбатты етіп, өзгелерді жақсы әсер, сезімдерге бөлейді, жақындарын шаттандырып, қуантады. Осыған орай біз халық емшілерінің, дәрігер – мамандардың, данагөй ата – әжелеріміздің ақыл кеңесі, тәжірибесі бойынша адамды түрлі сырқаттардан сақтандыратын жағдайларға, дене күтімінің қарапайым да шипалы тәсілдеріне тоқталсақ.
Адамына қарай ауруы
Ғалымдар көп адамның ауруды өздерінің мінезінен, жат қылықтарынан, рухани жан дүниесінің таяздығынан, адамгершілік қасиеттерден жұрдайлығынан да табатынын айтады. Яғни, мынандай адамдарға мынандай сырқаттар үйір. (Бұл – медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дайындалған болжамдар): 1. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдарға тән аурулар: асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттері.
2. Қызғаншақ, өзіне – өзі сенімсіз адамдар бүйрек ауруларына ұшырайды. Қыз- ғаншақтығына көреалмаушылық қосылса, бауыры зақымданады.
3. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, өткенді еске алып тамсанатындар, туған – туыс, ата –анаға көмектесуді ауырсынатындарға тән сырқаттар: құяң, тағы да басқа омыртқа кеселдері.
4. Үнемі қайғырып, аһлеп – уһлеп жүретіндердің өкпесі дертке шалдығады.
5. Ызақор, ашуланшақ адамдардың бауыры ауырады.
6. Жылауықтарға тән аурулар: жүрек қабының қабынуы.
7. Үнемі не болса содан шошынып, үрейленіп жүретіндердің өт жолы қабынады, ағзасы қант диабетіне шалдығады.
8. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр – пыр болып жүретіндер-ге тән ауру: көк бауырының зақымдануы.
9. Тұрмыс – тіршілігіне, маңайындағыларға қорқып – үркіп қарайтындарға бауыр дерті үйір.
10. Шамшыл, өр көкірек адамдар көбінесе бүйрек үсті безінің сырқатынан зардап шегеді.
11. Өзінің көркіне, тартымдылығына сенімсіз әйелдерге, өзінің бел қуатына күмәнді еркектерге тән аурулар: суса- мыр мен ұйқы безінің сырқаттануы.
12. Сезімтал, күйрек адамдардың өкпесі, қалқанша безі ауырады.
13. Өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау – сараң, дүниеқоңыз адамдарға тән.
14. Шексіз қатты қуану инфарктке әкеліп соқтырады.
15. Өкпешіл адамдарда болатын ауру: лимфа түйіндерінің қабынуы.
16. Шындықтың бетіне «қара көзілдірік» киіп қарайтындарды, ақиқаттан үркетіндерді көз ауруы мазалайды.
17. Өмірім, тұрмыс – тіршілігім қалай болады, нанымды тауып жей аламын ба, деп үнемі үрей құшағында жүретіндерге ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиі – жиі болып тұратын жағымсыз жағдай.
18. Сараң адамдардың ішінде жиналған улар, залалды қосылымдар сыртқа шықпай, ағзасын улайды.
19. Мақсатсыз адамның басы жиі ауырады.
20. Біреулердің (ата –анасының, туған – туыстары-ның, жолдас – достарының, таныстарының, кез – келген адамның) арқасында күнкөретіндердің ішінде дәл өзіндей масыл құрттар пайда болып, ішкен – жегенін сорады, оңалтпайды.
21. Қатыгез адамдардың ағзасында (бауыр еті жолында, бүйрегінде, басқа да жерлерінде) тас пайда болады.
22. Бас көтертпес қиыншылықтарда жүргендердің шашы ағарып кетеді.
23. Жетім – жесірлердің, сүйеніші жоқ жалғызілік байғұстардың өкпесі ауырып, жұтқыншағы қабынады.
24. Іші тар, сараң, дүние-қоңыздардың іші де қатады, зат алмасуы да бұзылады.
25. Өзіне – өзінің көңілі толмайтындар жүрек – қан тамыры ауруынан зардап тартады.
26. Аллергияға ұшырай-тындар: ызақор, ашуланшақ адамдар.
27. Өкпелегіш, кешірімсіз адамдардың асқазан астының безі ауырады.
28. Ешкімге де, тіпті Құдайға да сенбейтіндердің буын – буындары ауырады.
29. Өз – өзіне сенбейтіндер-дің сүйегі ауырады, тістері тез түседі.
30. Жезөкше, нәпсіқұмар адамдардың иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына шалдығады.
31. Көзі тоймайтын пай-дакүнем, қанағатсыз адамдардың ағзасында лимфа- қан қысымын жоғарылатып, жағдайсыздыққа душар етеді.
32. Аяғы мен буынына тұз жиналып ауыратындар еңбектеніп, бірақта еш нәтиже шығара алмаған адамдар.
33. Асқазан – ішек, үрпі безі (простата), жатыр ауруларына шалдығатын адамдар – үсті – басын күтінбейтін, өз қажетіне ақша да, уақыт та қимайтындар.
34. Біреудің айтқанын тыңдауға да, орындауға да құлқы жоқтардың шағымы – құлағының ауыратындығы.
35. Басы ауыратындардың көбісі– менмен, өзін өзгелерден артық санайтын, басқаның айтқанын сөз деп тыңдамайтын кісілер.

Адам ағзасындағы аурудың асқынуына мынандай үш жаман қасиет ықпал жасайды:
1. Ашкөздік.
2 . Зәрлілік.
3. Надандық.

Күйзеліс денсаулықты күйретеді
Күйзелісті күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян. Не болса соған күйгелектену – жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гормондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адам-ның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап – шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі сұмдық ойлар басына келіп, ұйқысы қашады.
Бұлшық еттерінің салдырап, бастың ауруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруы-ның мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумендер жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Қырық жылдай стрестің адамға әсерін зерттеп жүрген мәскеулік психотерапевт Инесса Ивановна Папикян былай дейді: «Мен сырқаттарыммен стрестен қалай айығуға болады деген тақырыпта сөз қозғағанымда, олардың бұл үшін немен шұғылданып жүр-геніне айрықша ден қоямын. Бұл тұрғыдан келгенде, кітап оқуыңыз да, бірдеңені тоқу-мен айналысқаныңыз да – бәрі пайдалы, көңіл сергітеді. Демек, маңыздысы адам уақытын текке өткізбегенін қанағаттанушылық көңіл – күймен сезінуінде.
Басқаша айтқанда, не істесеңіз де ынта – ықыласыңызбен, ризашылық ықыласыңызбен істеңіз. «Мен мұны өзім үшін жасап отырмын. Осыдан ләззат табамын» деп жұмыс істегеніңіз мақұл. Өзіңізді де нақ солай сезінсеңіз, торығудан да, күйзелісті күйден де арылатыныңыз анық».
Интернет басылымдарынан дайындағаным, бірақ, бәрі адамның өз қолында ғой.

  1. 05/07/2010, 00:57 | #1

    Жақсы керекті дерек екен, түйіп алған тұстарым да болды, кейбірін бұрыннан да белітін екенмін. Рахмет ағатай :)

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.