Есімдер статистикасы

10/10/2011 1 comment

Еліміздің Статистика агенттігінің сайтында қызық мәлімет көрдім, соны бөлісе отырайын. 2011-жылдың тамыз айында туылған балаларға қойылған есімдер статистикасында ұл балалардан – Рамазан, Нұрислам, Ислам есімдері көп таңдалған екен. Read more…

Categories: Руханият Ілмектер:, ,

Күлімсіреу күнімен!

07/10/2011 1 comment

Бүгінгі жұма күні ерекше күн екен. Себебін айтсам, қазан айының бірінші жұмасы — Бүкіләлемдік Күлімсіреу күні, орысша – всемирный день улыбки. Күлімсіреу күнін әлем халқы 11 жыл бойы атап өтуде. Read more…

Бекет Ата мен Махамбеттің кездесуі

25/09/2011 1 comment

Еліміздің батыс өңірінде Бекет Ата есімін естімеген жан жоқ шығар. 1750-1813-жылдар аралығында өмір сүріп, адамға сирек бітер қасиетімен, даналығымен, батырлығымен, көріпкел-әулиелігімен әйгілі болған жан. Бекет Атаның о дүниелік боларынан бір-екі жыл бұрын, Бөкей Хан Ордасы маңындағылар үлкен топ болып, Атаға сәлемдесуге келеді. Олармен бірге жасы 7-8-дердегі ұлы Махамбетін ертіп Өтеміс те келеді. Read more…

Менің сүйікті спортшым

21/09/2011 1 comment

Әлемнің ең сыйлы адамдарын анықтауда Reputation Institute компаниясы өткізген зертеуде швейцариялық теннисші Роджер Федерер әлемнің екінші адамы ретінде танылыпты. Зертеуге әлемнің 25 елі ішінде 50 мың адам қатысқан екен. Read more…

Қазақша домен бола ма?

Қазақстан “Интернет аттары мен адрестері жөніндегі ICANN” корпорациясына кирилицада белгіленетін өз доменін ұсынғанын көптеген БАҚ-тарда жазды. Тапсырыс беріліп қойыпты, енді алуымыз қалған сияқты. Мына сілтемеде көрсетілгендей, домен латынша болмауы керек және домен аты сол елдің мемлекеттік тілінде, сосын техникалық талаптарға жауап беруі керек екен. Read more…

Әскери парад

Биылғы 30-тамыз Конституция күніне орай, әскери парад өткізілмекші екен. Өткізілейін деп отырған парад алдыңғы жылдары да болған. Баяғыда кеңес заманында осындай парадтар жиі болып, халықты қойша көшеге алып шығушы еді. Read more…

Categories: Руханият Ілмектер:,

Ролан Гаррос теннис жарысы

Ролан Гаррос турнирі – 20-ғасырда бастау алған ең ірі теннис жарыстарының бірі. Биыл мамырдың 25-і мен маусым айының 5-і күндері Париждің ең ірі корттарында өтеді. Басында Францияның ашық біріншілігі ретінде құрылып, уақыт өте келе үлкен жарысқа айналған. Дүниежүзілік соғыстар кезінде тоқталып қалғанымен, соғыс біткен соң, әр жылдары жалғасын тауып отырған. Read more…

Пионерлік ұйымдар

19/05/2011 1 comment

19-мамыр – советтік замандағы пионерлер күні! Ол кезде бүкіл пионерлер жиналып, пионерлік алау жағып, ұлы той болушы еді. Жарқын болашаққа деген үлкен ой жататын, балалар алға ұмтылатын, аға буынға еліктеуге тырысатын. Read more…

Кітаптар күні

23-сәуір – дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні. 1995-жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясында осы күнді кітапсүйер қауым мен автор құқығын қорғауға арнаған. Бұл күн БҰҰ жүйесінде де тойланады. Халықаралық ұйым болғандықтан, бұл күн Шекспирдің, Сервантестің қайтыс болған күні ретінде таңдап алынған. Read more…

ҰБТ телефонсыз өте ме?

Биылғы болатын ҰБТ-ға өзгерістер енбек екен, атап айтқанда, тестлеу орталықтарына қатысты. Бұл туралы Алматы қалалық білім беру жүйесінің жаңа технологиялар орталығының директоры Темірхан Тасболатов “Вечерний Алматы” газетіне сұқбат бергенде айтыпты. Read more…

Categories: Руханият Ілмектер:, , ,
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.